У шашып жүр ме: Павлодар аспанындағы түтінге қатысты ақпарат шықты

2326
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде павлодарлықтар қаланың үстінде "лас тұманның" пайда болғанын талқылауда, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді.

"Оның себебін көрші мемлекеттен іздеу керек. Ресей Федерациясының Якутия аумағында екі аптадан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі күні өрттің ауданы 1,5 миллион гектардан асып отыр. Осы өрт салдарынан облыстың кей аудандарын, сол сияқты қаланы түтін басты. Алаңдауға негіз жоқ. Ол экологиялық жағдайдың нашарлауына қауіп төндірмейді. Жақын арада көк түтін сейілу керек", - деп хабарлады департаменттегілер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер