Атырау облысында тағы бір ауылды су басуы мүмкін

714
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Атырау облысындағы су тасқыны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жайық деңгейі арнасынан асты. Сол себепті Атырау облысында тағы бір ауылды су басуы мүмкін.

"Атырау облысындағы Жайық өзені арнасынан шыққандықтан, Жалғансай ауылын су басу қаупі бар. Сол себепті, "Атырау-Орал" автожолының 56-шақырымындағы учаскесінен су өткізу жоспарланған. Дәл осы сәтте автожолдың жүру бөлігі арқылы топырақтан жасанды канал орнатылып жатыр. Учаскелердегі жұмыстарға 9 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылған", - делінген ведомство хабарламасында.

Пікірлер