Ресей билігі БАҚ-тарға мобилизация жайлы жазбауды тапсырды

3014
Adyrna.kz Telegram
Фото: den25-news
Фото: den25-news

Ресей билігі өзіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдарына кезекті мобилизация турасында жазуға тыйым салды. Бұл туралы The Moscow News жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей Президентінің әкімшілігі өзіне тәуелді баспасөз құралдарынан Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың армия қатарына тағы 350 мың адам алу керектігі жөніндегі мәлімдемесін көпшілікке таратып жібермеуді талап етті.

Енді Ресей медиаларына мобилизация хақындағы кез келген мәлімдемені таратпау туралы қатаң тапсырма беріліп отыр. Хабарламалар тіпті Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінен шықса да қалың елге жеткізілмеуі керек. Мұндай жасырын өкім Президент әкімшілігінің тікелей өзінен түсіп отыр.

«Біз бұған дейін жүріп жатқан мобилизация, оның ықтимал сценариі мен болжамы туралы жаза алатын едік. Қазір соның бәріне тоқтам салынды. Талапта тіпті РФ Мемлекеттік думасының депутаты немесе сенатор айтқан сөздерге де сілтеме жасай алмайтынымыз айтылыпты», – деп атап көрсетті The Moscow Times.

Пікірлер