Теңге қаншалықты құнсыздануы мүмкін?

3482
Adyrna.kz Telegram

2015 жылғы девальвация қайталануы мүмкін. Еліміздегі танымал экономистердің бірі осындай болжам жасап отыр. Ұлттық Банк осыған дейін жылдық инфляция 7,9 процентті құрап отыр деп ақпар таратқан еді. Алайда сарапшылар, қазіргі қымбатшылықты ескерсек, бұл цифрлардың шындыққа жанасуы екіталай дейді. Сонда кімге сенеміз? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

«Еліміздің қазіргі ахуалы бізге тым таныс картина».

Сарапшы Арман Байғанов: «Экономикамыздың бүгінгі күйі 2015 жылдың тамыз айын еске салады»,  дейді. Осыдан алты жыл бұрын теңге ауқымды девальвацияға ұшырап, ақш валютасының құны күрт көтеріліп кетіп еді. Сол жылдары да Ұлттық банк төл теңгеміз құлдырамайды деп халықты осынша сендіріп баққан. Содан бері доллар бағамы 400-дің айналасында сақталып келеді.

АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

«Мәселе біздің Қазақстан Россиямен, басқа мемлекеттермен экспорт-импорт, әртүрлі тауарлар, сатып алынады. Себестоимость өскен жағынанконкурентспособность нарық бойынша өте төменболып қалады. Казақстанскийпроизводительдарда»

Ұлттық Банктің деректері бойынша, маусымайындағы жағдайға сәкес, жылдық инфляция 7,9%-ды құрап отыр. «Бірақ елдегі жаппайқымбатшылықты есепке алсақ, ұлттық банк ұсынған статистикаға сену қиын»,  дейді сарапшы. Жағдай алаңдауға тұрарлық. Инфляциялықпроцестер бетімен кетіп, бақыланбайтын күйгежетті деп отыр экономист. Басты болжам сол  2015 жылдағыдай курс бірден екі есеге артып кетпеседе, 5-10 пайызға өсуі әбден мүмкін.

АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:

«Осы конкуренция именно экономика өсіру үшін басқамемлекеттермен, ұлттық банк, точно уақытын айтаалмаймын осы жыл ма, жылдың аяғы ма, может келесі жылы конкуренция жоғарылату үшінкурстың долларын өсіруі мүмкін»

Экономист айтып отырған бәсеке - біздің елдегітауарлар құны. Еуразиялық одақ құрамындағы өзгеелдермен салыстырғанда, бағаның әлдеқайдаартуына байланысты қазақстандық кәсіпкерлербәсекеге қабілетсіз болып қалады. Ал бұл сайыпкелгенде экспорт арқылы күнелтіп отырғанкөптеген компаниялардың банкроттығына алыпкеледі.

ЛЯЗЗАТ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, ЭКОНОМИСТ-САРАПШЫ:

«Біз Ресейдің рубліне тәуелдіміз. Ал ресейдің экономикасы батыс елдерінің салатынсанкциясына байланысты болады да. 01:48 Біздіңенді мұнайымыз сыртқа шығатын бағасы біршамакөтерілетін болса, теңгенің құны шамалытұрақталып немесе тағы да бір шамалы өсімкөрсете ме деген үміт бар».

Өзара тауар айналымы үлкен елдердің валюталары қай кезде де бір-біріне әсер етпeй тұрмайды. БұлҚазақстан мен Ресейге де тән. Байланыс берікболған сайын валюталардың ықпалы да күшті. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Ресейарасындағы сауда айналымы 8,6 млрд долларғажеткен.

Пікірлер