"CК-Фармация" басшысы ақталды

4716
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СК-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Судья үкімді оқыды, оған сәйкес Б.Шәріпке қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды, ал дәрігерлерге ауру жұқтырды деген айыбынан ақталды.

Берік Шәріп бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287 б. 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 2 миллион 778 мың теңге сомасында 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Берік Шәріп  ҚР ҚК 361 б. 4 б. 3 т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасамағаны нақтыланып,  кінәлі емес деп танылды және оның іс -әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағаны анықталып, ақталды. Берік Шәріпке тағайындалған жаза өтелді деп есептелсін және ол сот отырысы күзетінен босатылсын. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылуға тиіс. Қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы заңмен келтірілген зиянның орны толтырылсын - деді судья Қанат Дүйсембиев.

Берік Шәріпті 2020 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстап, Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол 2020 жылдың 21 сәуірінен бастап тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі -дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьюторлық компанияны басқарды. 2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

СК-Фармацияның бұрынғы басшысының ісі «Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптары бойынша қаралды. Атап айтқанда, бұрынғы ЖШС басшысы 2020 жылдың сәуір-мамырында сапасыз қорғаныс костюмдері мен заңсыз сақталған қаруды сатып алу салдарынан дәрігерлерге жаппай коронавирус инфекциясын жұқтырды деп айыпталды.

Соңғы сөзінде Шәріп өзінің кінәсін мойындамайтынын қайталады.

Бұған дейін прокурор Берік Шәріпке бес жыл бас бостандығынан айыруды орташа режимдегі колонияда өтеуді сұраған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер