АҚШ Қазақстанды вирус жұқтыру қаупі аса жоғары елдер тізіміне қосты

6079
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы Қазақстанды COVID-19 таралуы бойынша аса қауіпті саяхат орындарының тізіміне қосып, туристерге ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстан АҚШ -тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы саяхатқа шығуды ұсынбайтын елдердің тізіміне енді.

«Егер сіз Қазақстанға баратын болсаңыз, сапар алдында вакцинацияның толық курсынан өтіңіз. Қазіргі жағдайға байланысты бұл елде тіпті вакцина алған туристер де Covid-19 жұқтыруы мүмкін», - делінген сайтта.

Саяхатшыларға бірқатар шарттарды орындауға кеңес беріледі - бетперде кию және әлеуметтік қашықтықтықты сақтау.

Барлығы аса қауіпті аймақ санатында 70 бағыт тіркелген. Бұл негізінен Оңтүстік Америка, Африка мен Орталық Азия елдері, сонымен қатар бірқатар Еуропа елдері: Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Португалия. Сонымен қатар, 16 штат қауіптілік дәрежесі бойынша төртінші деңгейге жатқызылды.

Cdc.gov сайтынан скриншот

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер