Алдағы онжылдықтарда әлемде аптап ыстық болады

5191
Adyrna.kz Telegram

Жаңа зерттеулерге сүйенсек, Тынық мұхиттың солтүстік-батысында температура бірнеше градусқа өзгерген, бұл Америка Құрама Штаттарының, Еуропа мен Азияның көпшілігінде болып жатқан жайсыз оқиғалардың прологы болып табылады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "centralasia.media-ға" сілтеме жасап.

Nature Climate Change журналында жарияланған зерттеу көрсеткендей, климаттың өзгеруі  — бұл аптап ыстықтың бағаланбаған қозғаушы күші және қазіргі күннің жылынуы алдағы онжылдықтарда температураның шектен тыс көтерілетініне кепілдік береді.

Бұл туралы Axios басылымы да жазды.

Зерттеуге сәйкес, егер әлемде көмірқышқыл газының шығарылу сценарийі сақталса, онда жоғары температура 2021-2050 жылдар аралығында екі-жеті есеге, ал 2051-2080 жылдар аралығында 3-21 есеге артуы мүмкін. Бұл әлемде аптап ыстық болады деген сөз.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер