Алматыдағы аптап ыстық тарихи рекордты жаңартты

180
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5kQ2H0eY3rOVkuXQV4KOkYmITz3Ph4qKsjkr6zjF.jpg

Алматыда аптап ыстық көпжылдық температуралық рекордтарды жаңартты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кісебаев хабарлаған.

Маманның айтуынша, 17 шілдеде Алматыда ауа температурасы +39,2 градусқа жеткен. Бұған дейін осы күнге тиесілі ең жоғары көрсеткіш 1945 жылы тіркеліп, +37,4 градусты құраған. Осылайша жаңа рекорд бұрынғы межеден 1,8 градусқа жоғары болды.

18 шілдеде қалада ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, бұл күнге арналған тағы бір рекорд жаңарды. Алдыңғы ең жоғары көрсеткіш +39,7 градус болып, 1997 жылы тіркелген.

19 шілдеде Алматыда ауа температурасы +41,2 градусқа жеткенімен, бұл күннің абсолюттік рекорды жаңарған жоқ. Өйткені 19 шілдеге арналған ең жоғары температура +41,7 градус болып, 1997 жылы тіркелген.

Бұған дейін, 16 шілдеде де Алматыда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, 1976 жылғы +36,1 градус деңгейіндегі рекордтан асып түскен еді.

Пікірлер