Әкімдер сайлауы нақты және ауқымды өзгерістерге мүмкіндік береді

4216
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Президент Қ.Тоқаевтың биліктің атқарушы тармағындағы басшылардың сайланбалылығын енгізу жөніндегі бұл реформасының маңызы өте зор. Оның үстіне, аталған сайлау осы бағыттағы алғашқы қадам ғана. 

Қазірдің өзінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланбалылығы енгізілген жыл белгіленген (2024 ж.). Ал онда отандық мегаполистерді қоса алғанда, барлық деңгейдегі әкімдердің сайланбалылығы перспективалары пайда болуда.
Сондықтан бүгінгі сайлау көбінесе биліктің осы жүйелі өзгерістерге қатынасының қозғаушы күші болады деп санаймын. Таяуда Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға түзетулерді талқылау барысында біз әкімдерді сайлау рәсімдерінің осы бастаманың дамуына ықпал етуінің қажетті механизмін жасауға тырыстық.
Сонымен бірге кейбір жағдайларда аймақтық сайлау комиссиялары бүгінгі сайлаудың ашықтығы мен бәсекелестік деңгейіне әдейі нұқсан келтіріп жатқанын байқаудамыз.
Өткен апталарда Орталық сайлау комиссиясына «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттарына жергілікті жерлерде жасалған шектеулер туралы бірқатар хаттар жібердім, алайда қанағаттанарлық жауап та жоқ, қойылған мәселелер де шешілген жоқ.
Бүгін біздің бақылаушыларымыз дауыс беру барысында орын алған бұзушылықтарды анықтап жатыр. Осыған байланысты партияның орталық кеңсесінің отырысын өткіздім, ол сайлау барысын қадағалап, филиалдардың жұмысын үйлестіреді.
Осы науқанның қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға үндеулер мен заңнамаға ұсыныстар жылдың дайындаймыз. Соған қарамастан, атқарушы билікті сайлаудың алғашқы тәжірибесінің маңызы үлкен. Менің ойымша, ол қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынаста нақты және ауқымды өзгерістерге мүмкіндік береді. Кейбір жергілікті сайлау комиссиялары мұны түсінбейтіні (немесе түсінгісі келмейді ме?) өте өкінішті. Бұл бәсекелестікті шектеп қана қоймай, сонымен қатар науқанды жекелеген ауылдар мен қалалардың ауқымына дейін төмендетуде.
Сайлау барысын бақылау жұмыстарын жалғастыра береміз.

 

Азат ПЕРУАШЕВ,

"Ақ жол" партиясының төрағасы.

Пікірлер
Басқа материалдар