Маңғыстауда мұнайшылар шеруге шықты

4512
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай компаниясының қызметкерлері еңбек шартын қайта қарауды талап етті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желіде Oilfield equipment and service (OES) ЖШС және Жаңаөзендегі "Ақтау мұнай сервис компаниясы" (АМСК) ЖШС, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы басқа кен орындары компаниялары қызметкерлерінің бейнеүндеуі жарияланды.

Видеода жұмысшылар жалақы көтерілуін және жұмыс орындарында тамақтануды ұйымдастыруды талап етті. Сондай-ақ, жұмысшылар Тәуелсіздік күні мен Мұнайшы күніне орай сыйақы беру, сондай-ақ 13-інші жалақы төлеу туралы талап қойды.

Сонымен қатар, жұмысшылар видеода көптеген қызметкермен ресми келісімшарт жасалмағанын айтты.

Пікірлер