Ер адам “досының” басына әйнек сұғып, жедел жәрдемге шабуыл жасаған

1049
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында ер адам жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне күш қолданғаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Lada.kz мәліметінше, тұрғын бір әйелге қол көтерген.

Ал ақ халаттылар әйелдің досы басына әйнек сұғып алғаны хабарланған қоңыраудың түскенін айтады. Ер адам 40 жастағы әйелге шұғыл көмек көрсетуге барған фельдшерлерге де тап берген. Артынша тұрғын жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, шабуылдаған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болғанын мәлімдеді.

”Билік өкіліне қатысты қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мас болып, заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде полицейлерге қарсылық танытқан”, – делінген ПД таратқан хабарламада.

Пікірлер