Құс тұмауынан 11 жастағы бала көз жұмды

3474
Adyrna.kz Telegram

Үндістанда құс тұмауынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Times of India" басылымына сілтеме жасап.

Көз жұмған Харьяна штатының 11 жастағы тұрғыны  дене қызуымен және жөтелмен 2 шілде күні ауруханаға түскен. Дәрігерлер басында оған коронавирус деп диагноз қойыпты.  Алайда ПТР тест бұл диагнозды жоққа шығарған. Кейін баланы толық тексеру кезінде оның құс тұмауын жұқтырғаны анықталған.

Қазір бұл штатта баламен байланыста болған адамдар іздестірілуде.

Айта кету керек, құс тұмауы белең алса елдегі барлық құстар жаппай қырылуы мүмкін. Сондай-ақ індет адамдарға өте қауіпті. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер