Ақтау маңында құс тұмауынан 30 аққу өлді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
21 желтоқсанда Қарақия-Қарақөл мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары 30 аққудың өлігін тапқан. «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары сынақ жүргізді. Нәтиже расталып, құс тұмауы вирусының бар екені анықталды», - делінген хабарламада. Облыстық экология департаменті жиналған су сынамаларындағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын хабарлады.«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар