The Times: Ұлыбританияның арнайы жасағы Ресей мен Қытайға қарсы құпия операция жасамақ

4909
Adyrna.kz Telegram

Ұлыбританияның арнайы жасақтары Ресей мен Қытайға қарсы аса қиын құпия операцияны бастамақ. Бұл туралы The Times басылымы жазды. 

Генерал Марк Тоттен арнайы жасақтарда әуе мен теңізде құпия операцияларды жасауға арналған арнайы құрылғылар берілмек, бұл арнайы жасақтардың уақытын үнемдеуге көмектесетін болады. Генерал арнайы жасақтардың бірлескен күшін өзі басқаратынын, терроризм мен әлем бойынша жалдамалы жендеттерге қарсы үлкен операциялар өткізетінін жеткізді. Генерал арнайы жасақтың тобына 4 мың адам кіретінін айтты.

The Timesтың жазуынша арнайы жасақтар Ресей мен Қытайға қарсы түрлі аса құпия операцияларды өткізбек. Ұлыбританияның MI-5 қарсыбарлау тобы Ресей, Қытай, Иранға қарсы күресте қаржылық шығын саны артатыны өткен аптада хабарланған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер