Қазақстанда ет бағасы бір жыл ішінде 14%-ға қымбаттап, соның ішінде көбінесе Алматыда төрттен бір есеге өскен. Мамандар бұған республика өңірлерінен мал экспорттау себебін атайды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Energyprom.kz-тің зерттеуіне сәйкес, маусым айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде қой еті килограммы 2300 теңгеден сатылды және бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға қымбат.
Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ең жоғары бағалар Алматы мен Нұр-Сұлтанда байқалды: килограммына 2900 теңге, сонымен бірге Қарағандыда килограммына 2600 теңге. Ал ең арзан бағалар килограммына 1700 теңгемен Орал мен Петропавл қалаларында анықталды.
Бір жыл ішінде қой бағасының ең үлкен өсімі Алматыда (22,6%), Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында байқалған.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 131,8 мың тонна тірідей салмақта және еттей салмағы бойынша 65,7 мың тонна қой сойылған.
Сонымен қатар алты айда Қазақстан 35,5 мың тонна қой жүнін алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артық көрсеткіш. Олардың жартысынан көбі үй шаруашылықтарында – 19,9 мың тонна, үштен бірінен көбі – жеке кәсіпорындарда және жеке қосалқы шаруашылықтарда – 14,1 мың тонна, ауылшаруашылық кәсіпорындарында – 1,5 мың тонна жүн өндірілген.
Қазақстандағы қой шаруашылығы
2021 жылдың шілдесіне дейінгі есеп бойынша елімізде 22,9 миллион қой басы бар. Оның 11,8 миллионы үй шаруашылығына, 9,9 миллионы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына, 1,2 миллионы ауылшаруашылық кәсіпорындарына тиесілі.
Ең көп қой басы Түркістан облысында – 5,5 млн бас, Алматыда – 4,3 млн және Жамбылда – 3,4 млн.
Айта кетсек, елге ұсақ малдардың асыл тұқымды басын экспорттауға тыйым салынды. Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге Қазақстанның қой өсірушілерінің ұлттық қауымдастығының төрағасы Садырбаевтың ұсақ басты малдарды экспорттауға толық тыйым салу туралы ұсынысын қарастыруда. Олар ел ішіндегі қой етінің қымбаттауының негізгі себебі ретінде мал экспортын көрсетіп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы