Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» жаңа гранты бекітілді

3368
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты құрылды, деп хабарлайды "Адырна".

Грантты тағайындау мақсаты белсенді жастардың қоғамдастығын қалыптастыруға бағытталған жас буынның жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады, делінген құжатта.

Грант берудің міндеттері:

  • дарынды және ынталы жастарды қолдау;
  • елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың
  • инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;
  • жастарға арналған жаңа және қолданыстағы стартап-жобаларды іске асыруға көмек;
  • жастар арасындағы шығармашылық қызметті танымал ету.

Гранттың мөлшері мен  санын Үкімет жыл сайын анықтайды.

Гранттар конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін беріледі:

  • «Ғылым» - ғылымның басым салаларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін;
  • «Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді насихаттауға бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
  • «Ақпараттық технологиялар» - жаңа ІТ шешімдер мен жобаларды, оның ішінде стартап-жобаларды енгізу және дамыту үшін;
  • «Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;
  • «Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастарға ақпараттық, пайдалы, қызықты контент құру жобаларын іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және оларда мыналар болуы керек:

  • жобаның сипаттамасы;
  • жобаның бейне презентациясы (60 секундтан аспайды);
  • шығындар сметасының жобасы;
  • зияткерлік меншік туралы ақпарат (бар болса).

Құжат 2021 жылы 20 шілдеде күшіне енеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер