Екі адамның өліміне себепші болған: Хирург сотта екінші рет ақталып шықты

2552
Adyrna.kz Telegram

Операциядан кейін клиенті қайтыс болған алматылық пластикалық хирург жазадан құлып кетті. Сот Дмитрий Писаревті кінәлі деп тапқанымен, оны бас бостандығынан айырған жоқ. Өйткені қылмыстық істің мерзімі өтіп кетіпті. Дегенмен жәбірленуші тараптың материалдық шығын өтеп беру туралы өтініші ішінара қанағаттандырылып, хирург марқұмның туыстарына 8 миллион теңге өтеп беруге міндеттелді. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Писарев Дмитрий Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Ешқайда кетпеу туралы шараның күші жойылсын», - дейді Бостандық аудандық сотының сульясы Роман Селицкий.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың қазан айында болған еді. Дмитрий Писарев бортсерік болып жұмыс істеген Лаура Ізбасарованың кеудесіне ота жасап жатқан кезде оның жағдайы нашарлап, комаға түскен. Содан кейін қайтыс болды. Дәрігерге өзінің кәсіби міндеттін дұрыс атқармады деген айып тағылған болатын.

Айта кету керек, бұл Писаревтің қызметіндегі мұндай бірінші қайғылы жағдай емес. Бұдан үш жарым жыл бұрын ол Украинадан Алматыға липосакция жасату үшін келген 33 жастағы әйелдің өліміне кінәлі деп танылған еді. Ол кезде де хирург қылмыстық істің мерзімінің өтіп кетуіне байланысты түрмеге отырмаған еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер