Теміртауда баланың үстіне темір қоршау құлап түсті

4489
Adyrna.kz Telegram

Теміртауда балабақшаның темір қоршауы 12 жасар баланың үстіне құлап түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Баланың анасы Instagram-да жазатайым оқиға туралы айтып берді.

Оның айтуынша, 1 шілдеде сағат 18.30-да бала балабақшаға барған. Қатты желдің салдарынан баласының үстіне қоршау құлады. Байқауынша қоршау құрылымы біріктірілмеген болып щықты.

"Менің балам өмір мен өлімнің арасында. Оның бас сүйегінің шүйде аймағы зақымданды, - деді анасы.

 

Облыстық полиция тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

"Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 277 бабы 1 бөлімі «Тау-кен жұмыстары немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процедуралық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер