ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: "Мынау ешқандай да стелс-технология емес"

982
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)

Қытайда авиашоу ұйымдастырылып жатыр екен, соған РФ стелс-технологиямен жасалған СУ-57 деген ұшағын алып барып әбден масқараға ұшырапты.

Ұшақты бөлшектеп басқа ұшақпен алып барған. Сол жерде қытайлықтар жақын барып әлгі ұшақты фотоға түсіріп интернетте жариялап жіберген. Дұрыс күзет ұйымдастыра алмаған ба, қалай болғанда да қателік жіберіп алған. Енді қытай әлеуметтік желісінде осы тақырыпты талқылап, кекесін, мысқылдың астында қалып жатыр екен РФ ӘӘК.

Бұл фотоларды шетелдік сарапшылар да көріп, мынау ешқандай да стелс-технология емес, кәдімді қарапайым әскери ұшақ деген қорытындыға келіпті. Ұшақ қалай болса солай жасалған, шовтары дұрыс свакіленбеген, болттары көрініп тұр, т.с.с., ал стелс-технологиямен жасалған ұшақ ең бірінші кезекте обтекаемый формада болуы керек, оның размерін байқатпайтын артық болт, шуруп, сваркі шовтарының ешқандай жымы білінбеуі керек, т.с.с. Оның ішкі бөлшектері де фотоға түсіп қалыпты.

Авиашоуларға негізінен шетелге сатылатын ұшақтар апарылады екен. Сол жерде контрактілер жасалады да, тапсырыс қабылданып, аванс ақшасы төленіп, зауыттар тапсырысты дайындауға кіріседі. Орыстардың ең алдыңғы қатарлы, ең құпия, ең жоғары технологиялы деп апарған ұшақтары сөйтіп фиаскоға ұшырап жатыр. Оның қасында қытайлар өздері жасаған J-20 ұшағы авиашоудың гүлі болуы мүмкін.

 

Қуаныш Еділханов

 

 

 

Пікірлер