Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасынан бастауын алатын рухани жаңғыру бағытындағы жоспарлы да жүйелі жұмыстар өңірімізде де өзіндік өрнегі мен өрісін табуда. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» тақырыбындағы мақаласында да осы үрдісті одан әрі жалғастырып, оны өткен таримызбен сабақтастыра отырып, жаңаша зерттеп-зерделеу төңірегінде келелі әңгіме қозғалып, орамды ой тасталды. Осыған орай, атқарылатын міндеттер нақтыланып, тапсырмалар да берілді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған «Дөңгелек үстелді осы бағыттағы тағылымды шаралардың бірі ретінде атауға болар еді. Шараны университет ректоры Саламат Идрисов кіріспе сөзбен ашты.
Ол Президент тапсырмасына сәйкес, болашақта Атырау облысы тарихының үш томдығын шығару көзделіп отырғанын жеткізді. Білім жіне ғылым министрлігі бекіткен, мемлекеттен қаржыландырылатын бұл жобаның үйлестірушісі Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болса, оған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінің (Алматы қаласы) тарихшы-ғалымдары, жергілікті өлкетанушылар да қатысып, қолтаңбаларын қалдырып, үлестерін алады. Осы тұрғыда, тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов жаңа жобаның мақсат-мазмұнымен таныстырып, толыққанды түсінік берді.
- Жоба бойынша болашақта жарық көретін бұл үш томдық еңбектің «Тас дәуірінен ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі солтүстік Каспий аймағы» деп аталатын бірінші томы «Ежелгі дәуірден ХVIII ғасырдың басына дейінгі солтүстік Каспий аймағын зерттеудің теорилық-методолгиялық негіздері», «Ежелгі дәуірдегі солтүстік Каспий аймағы», «Темір дәуіріндегі солтүстік Каспий аймағы», «Темір дәуіріндегі солтүстік Каспий аймағы», «V-ХIII ғасырлардағы солтүстік Каспий аймағы», «Солтүстік Каспий аймағын мекендеген ру-тайпалар», «ХІІІ-ХV» ғасырдың басындағы солтүстік Каспий аймағы», «Ноғай ордасы», «ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың басындағы Гурьев қаласы» тарауларынан тұрады.
- Еңбектің екінші томы «Жаңа замандағы Атырау аймағы (ХVІІІ-ХХ ғасырдың басы» деп аталады. Мұнда «Атырау өңірінің жаңа кезеңін зерттеудің теориялық-методолгиялық негізі», «ХVІІІғасырдың басындағы Атырау аймағы», «ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Атырау аймағы», «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы аймақ халқының күнделікті өмірі», «бірінші жартысындағы Атырау аймағы», «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей империясының отарлау саясатына қарсы өңірдегі ұлт-азаттық көтерілістер», «ХІХ ғасырдағы өлке мәдениеті», «Ресей империясы тұсындағы Атырау аймағы», «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Атырау аймағы», «ХХ ғасырдың басындағы Атырау аймағының мәдениеті» тараулары қамтылады.
- Ал кітаптың үшінші томына «ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы Атырау облысы» атауы берілген. Оған «Атырау өңірінің кеңестік және тәуелсіз кезеңдерін зерттеудің теориялық-методолгиялық негіздері», «Бірінші дүеиежүзілік соғыс пен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Атырау өңірі», «»Қазақстанның Батыс өңіріндегі Алаш қозғалысы», «Атырау облысы революциялық бетбұрыстар кезеңінде (1917-1920)», «1920-1930 жылдардағы , өңірі», «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Гурьев облысы», «1946-1990 жылдардағы Гурьев облысы», «Тәуелсіздік жылдарындағы Атырау» тараулары енген.
Айта кету керек, бұл тараулардың әрқайсысы бірнеше тақырыпқа бөлінген. Мұның өзі сайып келгенде, өлке тарихын тұтастай қамтып, оның әрбір кезеңін жаңаша көзқарас, пайым мен тұжырым тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеп-зерделеп, осы тақырыптар төңірегінде осыған дейінжазылған ғылыми еңбектерді қайтадан қарап, толықтырып, бүгінгі заман талабына сай бағалауға мүмкіндік береді. Осы орайда, «Дөңгелек үстелге» қатысушы тарихшы ғалымдар таныстырылып отырған жобаға қатысты орамды ой, ұтымды ұсыныс, пайымды пікірлерімен бөлісті.