29 сағатта 10 қабатты ғимарат салған

2701
Adyrna.kz Telegram

Қытайда Broad Group компаниясы Living Building құрама конструкциялар жүйесін қолдана отырып, 29 сағатта 10 қабатты ғимарат салған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы National Geograpic Россия басылымына сілтеме жасап.

Бұл жүйенің ерекшеліктерінің бірі әр құрылыс модулі бүктелген кезде көлік контейнерімен бірдей көлемге ие болады.

Әр модуль зауытта жасалады, негізінен сым, әйнек және желдету жүйелерін қамтитын тот баспайтын болаттан жасалған. Құрылыс алаңына контейнер өлшеміндегі модульдерді алып, оларды қажет болған жағдайда болттармен бекіту арқылы бүктеуге болады. Содан кейін олар электр мен суға қосылады, пайдалануға дайын болады.

Broad Group жариялаған видеода ғимараттың құрастыру процесі қандай болатындығы көрсетілген. Ол Қытайдың оңтүстігіндегі Чанша қаласында 28 сағат 45 минутта салынған.

Broad Group өзінің құрама конструкциялары өте берік, сейсмикалық төзімді және қажет болған жағдайда бөлшектеуге және жылжытуға бейім екенін айтады.

Компания бұл жүйені 200 қабатты биік ғимараттарды салуға пайдалануға болады дейді.

Айта кетейік, әлемдегі ең биік ғимарат — Бурдж Халифа барлығы 163 қабаттан тұрады. TrееНugger сайтының хабарлауынша, видеода көрсетілген ғимараттың құны модульдерді тасымалдау шығындарын есептемегенде үш миллион долларды құрайды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер