АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальный түрмеде қайтыс болса, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасының бұзылатынын Брюсселде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Оның сөзінше, ресейлік оппозиционер өлімі – Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады.
«Бұл трагедия болады», - деді Байден.
АҚШ президентінің айтуынша, бұл басқа елдермен қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді (тіпті АҚШ-пен де).
"Адырна" ұлттық порталы