Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2951
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Қостанай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Жұрқабаев Марат Кенжебекұлы тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілетеме жасап.

Марат Жұрқабаев 1998 жылы Арқалық педагогикалық институтын, 2007 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін тәмамдаған.

Мұның алдындағы қызметтері бойынша Қостанай, Лисаковск қалалары әкімдерінің орынбасары, білім басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры болды.

Бүгінгі күнге дейін Қостанай облысының Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Пікірлер