Күйеуімен ажырасқан келін қайын атасына тұрмысқа шықты

7194
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Кентукки штатының Харродсберг қаласында тұратын әйел күйеуімен ажырасып, қайын атасына тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап. 

Эрика Квиггл (Erica Quiggle) құрбысының ағасы Джастинге 19 жасында тиіпті. Күйеуінің жасы ол кезде 27-де болған екен. Екі жылдан соң ұл босанады. Бірақ көп ұзамай жас жұбайлардың қарым-қатынасына сызат түсе бастайды. Джастин үйден шықпайтын, азды қанағат тұтатын бұйығы адам екен. Эрика болса, саяхат жасағанды, түрлі іс-шараларға қатысқанды, бір сөзбен айтқанда үйде отырмағанды ұнатады.

Бір күні қайын атасы Джефф автокөлік шоуын ұйымдастырады. Келіні бұл шараға қатысуға пин-ап үлгісіндегі киіммен келген. Сол жерде келін мен қайын ата ортақ мүдделері бар екенін ұғып, жақын араласа бастайды.

Эрика қайын атасына некедегі қиыншылықтары туралы сырын бөліседі. Арада біраз уақыт өткен соң әйел күйеуімен ажырасып, ата-анасының үйіне кетеді. Бірақ көп ұзамай қайын атасына сезімі оянғанын түсінеді.

Байқап көрсе, Джефф те кет әрі емес көрінеді. Бұрынғы күйеуіне мән-жайды айтқанда, ол еш қарсылық білдірмепті. Күйеуімен ажырасуды ресми түрде рәсімдейтін құжат-қағаздар дайын болғанда, бұрынғы қайын ата мен келін бірге тұрып үлгеріпті.

Олар енді отбасын заңдастырып, қызды болады. Бас қосқан кезде Эриканың жасы 29-да, ал Джефф-тің жасы 58-де болған.

«Бұрынғы күйеуіммен де араласып тұрамын. Онымен ажырасуға бел буған соң ғана, мен әкесімен жүре бастадым. Бірақ некенің бұзылуына бұл себеп болған жоқ. Джеффпен жасымыздың айырмашылығы махаббатымызға еш кедергі бола алмайды», – дейді Эрика.

Айта кететін жайт, Англияда қайын ене мен күйеу баланың, қайын ата мен келіннің некеге тұруына тыйым салынған. 2005 жылы Страсбургте орналасқан Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты мұны «адам құқықтарын бұзады» деп тапқан. Сотқа некені тіркеуден бас тартқаны үшін 40 жастағы келінімен шаңырақ көтермек болған 60 жасар қайын ата шағым түсірген екен.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер