NASA 30 жылдық үзілістен кейін Шолпандағы миссиясын іске асырмақ

2563
Adyrna.kz Telegram
Бұл туралы Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) сайтында ресми хабарланды.
"Біз NASA - ның 30 жылдан астам уақыт бойы ғарышты қарқынды зерттеу арқылы планетарлық ғылыми бағдарламасын дамытамыз", - деді NASA әкімшісінің ғылым жөніндегі орынбасары Томас Зурбухен.
Кезекті экспедиция Шолпанға 2028-2030 жылдары барады деп жоспарлануда. NASA ғарыш агенттігі әр миссияға шамамен 500 миллион доллар жұмсап отыр.
2020 жылдың ақпан айында ғарыш басқармасы Шолпан миссиясының төрт тұжырымдамасын алдын-ала таңдады. Сараптамалық бағалау жүргізілгеннен кейін олардың екеуі түпкілікті таңдалды. Ол миссиялар мыналар: DAVINCI + және VERITAS.
VERITAS миссиясы - планетаның геологиялық тарихын зерттеу және оның Жерден айырмашылықтарын анықтау үшін Шолпан бетін картаға түсіреді. Карта орбиталық аппаратқа орнатылған радардың көмегімен салынатын болады. Сондай-ақ, ол Шолпан бетінен инфрақызыл сәулеленуді картаға түсіріп, тау жынысының түрін көрсетеді. Шолпандағы белгісіз және белсенді жанартаулардың атмосфераға су буын қалай шығаратындығын анықтайды.
DAVINCI + міндеті - Шолпан атмосферасының құрамын зерттеу. Бұл АҚШ-тың Шолпан атмосферасына 1978 жылдан бергі аттандырылған алғашқы миссиясы.
DAVINCI + мәліметтері бойынша ғалымдар Шолпан атмосферасының қалай пайда болғанын және даму кезеңдерін, сондай-ақ планетада мұхиттың бар-жоғын анықтайды. Арнайы құрылғы планетаның атмосферасына еніп, қажетті зерттеулер жүргізеді. DAVINCI + көмегімен Шолпанның бірегей геологиялық нысандарының суреттерін алу жоспарлануда.
 
 Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
 
 
Пікірлер