Қызылордада қойлар қырылып жатыр

3116
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысының Арал ауданында қойлар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Облыстың сегіз ауданында мал өлімі байқалыпты. Олар: Мергенсай, Құланды, Беларан, Аманөткел, Райым, Бекбауыл және Қамыстыбас сияқты аудандар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ірі қара малдың қырылуының себептері: Сырдариядағы судың жетіспеушілігі, Арал маңындағы ауа райының ауытқуы салдарынан жергілікті көлдердің құрғап қалуы, жемшөптің жетіспеушілігі және жұқпалы аурулар.

«Қысқы-көктемгі кезеңде қар мен жауын-шашынның аз мөлшерде түсуіне байланысты Арал ауданында құрғақ жағдай қалыптасты. Мал мен жемнің тепе-теңдігін сақтау үшін облыстың экономикалық құрылымдары мал басын азайту бойынша жұмыс жүргізуде», – деді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер