«Бұрын қонақжай еді»: Лукашенко Қазақстанға неге ренжіді?

1996
Adyrna.kz Telegram

Беларуссия Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен жеке кездесулердің жоқтығына өкінішін білдіріп, «Қазақстан бұрын қонақжай болатын» деген ойын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көрмегелі көп болды. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Қазір неге екені жабылып қалдық, вакцинамыз жақсы, халықты жаппай вакциналап жатырмыз дейміз. Бірақ әлі де кездесе алмай келеміз», – деді ол.

Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенкоға естеқаларлық баяндама жасағаны  үшін алғыс айтып, оның сынына жауап берді.

«Сіздерді біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеуге шақырамын. Бұл кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз осы шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі аяқталмады», – деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер