Шымкенттегі «iKOMEK 109» орталығына 10 айда 120 мыңнан аса арыз-шағым түскен

3053
Adyrna.kz Telegram

Өткен жылдың маусым айында ашылған қалалық ситуациялық 109 орталығы қала тұрғындарының мәселесін атқарушы органға жеткізіп, шешімін табуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Бүгінге дейін орталыққа барлығы 120 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Оның ішіндегі жүз он тоғыз мыңға жуық арыз-шағым орындалып, қала тұрғындарының сұрақтары мен мәселелерін қанағаттандырды. Қалған 1875 арыз-шағым қаралуда, яғни жауапты мекемелер мен аудандық әкімдіктердің жіті бақылауында.

Орындалған арыз-шағымдардың басым бөлігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (4916 шағым) үлесінде болып отыр. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1928, Абай ауданы әкімдігі – 881, Қаратау ауданы әкімдігі – 693, Денсаулық сақтау басқармасы – 595, «QazSmartTrans» ЖШС – 580, «ҚуатЖылуОрталық-3» МКҚК – 567, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы – 544, Тұрғын үй басқармасы – 542, Әл-Фараби ауданы әкімдігі – 483, Еңбекші ауданы әкімдігі – 449, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы – 383 және тағы басқа мемлекеттік мекемелер мен сервистік қызмет көрсететін мекемелер орындаған.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер