Өскемен әкімі тұтқында ұстап отырған әйелді құтқарып қалды

4576
Adyrna.kz Telegram

Жақсылық Омар тұтқында ұстап отырған әйелді күйеуінен құтқарып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

YK-news.kz хабарлағандай, оқиға 18 мамырда кешке қарай Өскеменде орын алған.

"Балтамен қаруланған азамат өзінің әйелін кепілге алып, өзін үйге қамап, билік өкілдерінің оған келуін талап етті", делінген хабарламада.

Қала әкімі көмекке келуге шешім қабылдағанын айта кеткен жөн.

Жақсылық Омар қасына барып, үйге кіріп, әйелін жіберуін өтінді.

Әңгіменің егжей-тегжейі белгісіз, бірақ нәтижесінде әйел үйден кетіп қалды.

Содан ашуланған азамат балтасын терезеге лақтырып, әкіммен бірге шығып, үйдің маңын торуылдап тұрған полицияға тапсырылды, - деп атап өтті басылым.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлі белгісіз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер