Үндістанда қалыңдық күйеу жігітінің көбейту кестесін білмеуіне байланысты үйлену тойынан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Inquirer сайтының хабарлауыша, қыз одан 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуді сұраған.
Күйеу жігіт мұны істей алмаған соң, қалыңдық тойдан бас тартқан.
Күйеу жігіттің отбасы оның білімі туралы бізге ештеңе демеді. Мүмкін ол тіпті мектепке де бармаған шығар, - деп қыздың немере ағасы оның бұл әрекетін мақтан тұтатынын айтты.
Отбасылар үйлену тойы қарсаңында жасаған сыйлықтар мен әшекейлерді бір-біріне қайтарып беруге келісті.
"Адырна" ұлттық порталы