«49 мың қазақстандық заңсыз жүр» — Ресей ҚР билігінен мигранттарын алып кетуді талап етті

4897
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі ТМД мемлекеттерінің билігінен Ресейде заңсыз жүрген азаматтарының 15 маусымға дейін елден кетуін талап етті. Бұл туралы Достастық Парламентаралық Ассамблеясының отырысында Ресей ІІМ басшысының орынбасары Александр Горова мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Егер біз бұл санды 15 маусымға дейін алып тастамасақ, <...> бұл адамдар шығарылғанға дейін және шекаралар жабылғанға дейін жазаланады. Елдеріңізде БАҚ-пен, блогерлермен жұмыс жасау арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгендеріңізді қалаймын", - деді Горнова.

Министрдің орынбасары Ресейде заңсыз жүрген мигранттардың статистикасын көрсетті.

Өзбекстаннан 332 мыңнан астам мигрант;
247 мың —Тәжікстан азаматы,
152 мыңы — Украина аумағынан,
120 мыңы — Әзірбайжаннан,
115 мыңы — Қырғызстаннан,
61 мың адам — Армениядан,
56 мың адам — Молдовадан,
49 мыңы — Қазақстаннан келген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ресей президенті Владимир Путин желтоқсан айының ортасында коронавирустық пандемияға байланысты мигранттардың елде уақытша тұру мерзімін ұзартқан еді. Ол 2021 жылдың 15 маусымына дейін белгіленді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер