Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай ҚР ҰҚК Шекара академиясы 1-оқу дивизионының курсанттары Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің өкілдерімен бірігіп, игілікті істің жүзеге асуына ат салысты.
Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, аталмыш оқу ордасының шекарашылары Ресей Федерациясының ФҚҚ жедел шекара тобының өкілдерімен бірігіп әскери оркестрдің және құрмет қарауылының сүйемелдеуімен академияға бекітіліп берілген ардагерлер мен олардың жесірлерінің және Кеңес Одағының батыры генерал-лейтенат М.К.Меркуловтың қызы В.М.Павловскийдің үйіне барып бағалы сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті.
Жанат ЖАБЫРБЕКОВ,
ҚР ҰҚК Шекара академиясының
баспасөз хатшысы