2021 жылдың 8 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 661 609 адамға вакцина егілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында хабарлады.
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай ерікті вакцинация COVID-19 2021 жылы 1 ақпанда басталды.
Бастапқыда қазақстандықтар Ресейде жасалған вакцина - «Sputnik V» алды, 26 сәуірден бастап қазақстандықтар қазақстандық вакцинамен QazVac (QazCOVID-in) ала алады.
"Адырна" ұлттық порталы