Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады.
«Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», - деп жазды Берік Уәли.
"Адырна" ұлттық порталы