Түркияның жойқын құпия қарулары белгілі болды

6459
Adyrna.kz Telegram

Израиль 1990 жылдары “Harpy” атты дрон камикадзелер өндіруді қолға алған. Қарапайым мотормен жұмыс істейтін, өте шағын, ПВО-лардың радарына түсу мүмкіндігі төмен дрондар.

Мұның тарихы тереңде. Араб елдерімен соғыста АҚШ Израильге ПВО радарларын жаңалыстыру үшін, орналасқан орынын табу мақсатында шағын дрондар береді. Бұл дрондар орталыққа ақпарат, сигнал беретін мақсатта қолданылады. Арабтармен соғыста еврейлер осы дрондардың көмегімен жаудың ПВО-сы орналасқан нүктені анықтап, артынан дәл сол жерді ракетамен бомбалап, санаулы күнде арабтардың тұтас әуе қорғаныс жүйесін жойып жіберген.

Осы соғыстан сабақ алған еврейлер дрондарды жетілдіріп “Harpy” дрон камикадзелерді 1990 жылдардан бастап өндіре бастайды. Бұл дрондар жаудың төбесінде сағаттап ұшып, көрінбей, видеоға түсіріп, барлық ақпаратты орталыққа жіберіп, команда берілген нысанаға дәлдеп ұшып, дұшпанның миллиондаған доллар тұратын ПВО-сын жоюға арналған. ПВО-сын қиратып артынан ұшақ, ракетамен қалағанынша бомбалай береді.

2008 жылдары еврейлер “Harpy” дронын жетілдіріп “Harop” атты заманауи дрон жасап шығарды. Қарабақ соғысында осы дрондар іске жарады. Жаудың ПВО-сы “Harop” камикадзе дрондары төбісіне келіп жарылғаннан 3 секунд бұрын ғана көре алған. Қарсы әрекет қолдануға бұл тым аз уақыт.

 

Қазір Түркияның дәл осындай камикадзе дронындарын өндіру үшін “Kargi” атты көп мәліметтері құпия саналатын жобасы бар. Мақсаттары “Harop” дронынан да мықты, жылдам әрі ұзаққа ұшатын камикадзе дронының жаңа түрін өндіру.

Байқасаңыз елді қорғаудың шарттары өзгеріп барады. Атпен шауып қорғамайды. Адам алыстан отырып, дронды басқарып, төбеңнен айналып ұшып, бар құпияңды алып, қажет деп тапқан уақытында қалаған жеріңді бомбалайды.

Жасанды интеллектпен жарақталған бұл дрондар заманауи қару саналады. Мыңдаған километрге ұшып барып, тексеріп, ұшқан жеріне қайта келеді. Жар десең барып жарады. Елге қызмет ететін текті, мінезді, рухы мықты дрондар ғой. Осыған ұмтылу керек.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер