Нұртас Адамбай жауапты органдарға шүйлікті: Хан қасында жерленген қараша кім?

7778
Adyrna.kz Telegram

Белгілі продюсер Нұртас Адамбай Facebook желісіндегі ресми парақшасында жауапты органдарға шүйлікті. Оның айтуынша, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан кесенесінің жанында XXI ғасырда өмір сүрген белгісіз бір адамға кесене орналасқан.

«Оң жақтағы кесене Жошы хан кесенесінен кем түспейтіндігіне қарағанда, бұл кісі де өте құрметті адам болған шығар.

Бірақ қазіргі заман талабына сай жерлеу үшін басқа жер учаскесін табу мүмкін болмады ма? Осыдан жүздеген шақырым жерде бос жатқан дала бар, бірақ біреу ата-бабасының рухын Алтын Орда билеушісінің рухына жақындатуға шешім қабылдаған ба?

Жауапты тұлғалар мен органдар қайда қарайды? Менің білуімше, тарихи ескерткіштердің жанына ештеңе салуға болмайды.

Біз өз тарихымызды бағалау қажеттілігі туралы жиі айтамыз. Бірақ дәл осындай оқиғалар біздің тек сөз жүзінде айтып үйренгенімізді дәлелдейді. Мәдениет министрлігі мен ІІМ осы жағдайға назар аударады деп үміттенемін»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер