«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Даниель Диль жобаның жастар үшін жаңа шекаралар мен көкжиектер ашатынына сенімді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шахтерлік пен спортты біріктірген жігіт жуықта ғана Болгарияда спорттық акробатикадан өткен әлем кубогында 3-орынға ие болды.
Даниель Диль Костенко атындағы шахтада жерасты тау-кен жұмысшысы болып жұмыс істейді. Анасы да осы салада еңбектеніп жүр.
«Шахтадағы жұмыс пен спортты біріктіру оңай емес. Бірақ біртіндеп бұл өмір салтына айналады. Анам да шахтада жұмыс істейді. Шахтаның ауыр жұмысы менің хоббиіме кедергі болған жоқ. Керісінше, шыңдай түсті» - деді Даниэль Диль.
Бірнеше күн бұрын спортшы Болгариядағы жарыстан оралған екен. Спорттық акробатикадан өткен әлем кубогының кезеңінде 3-орын алған.
«Спорт федерациясы «100 жаңа есім» жобасына қатысуға менің кандидатурамды ұсынды. Әр жұмыстың қиындығы бар. Ал спорт мінезімді шыңдады. Мен үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» беделді жобасының финалистер қатарына кіру – күтпеген жағдай болды. Қалай болғанда да, жоба жастар үшін жаңа көкжиектер ашады», - деді спортшы шахтер.