Назарбаев: халықтың табысы 9 есеге өсті

5438
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері қазақстандықтардың табысы 9 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"Халықтың табысы тоғыз есе өсті. Әрине, әлі де ақшасы жетпейтін, өмірде өз орнын таба алмаған адамдар бар. Бірақ табыстың тоғыз есе өскені бұл – факт. Біз, аға буын мұның не екенін жақсы түсінеміз және қазір қиын жағдайда жүрген адамдардың табысы көбейгенін қалаймыз", - деді Назарбаев ҚХА-ның 29-шы сессиясында.

Елбасы Тәуелсіздік жылдарында жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 есе артқанын атап өтті.

"Мұны айту оңай, әрине, бірақ тұтас елге он үш есе өсіру бұл – сіз бен біздің ортақ еңбегіміз. ЖІӨ осы уақыт аралығында он есе өсті. Кеңес одағы құлағаннан кейін Қазақстанда екі миллионнан астам адам жұмыссыз қалғаны есімде. Сол кезде халықтың 47 проценті кедейлік шегінен де төмен деңгейде өмір сүрді. Бүгінде сол 47 процент он проценттен де аз. Ал жұмыссыздық үш есе, 4,5 процентке дейін қысқарды", - деді Назарбаев.

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

Пікірлер