Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 17 адам, пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
29 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 526 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 709-і стационарда, ал 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
Оның ішінде, ауыр жағдайда - 760 науқас, өте ауыр ауыр жағдайда - 199 науқас, жасанды тыныс алдыру аппаратында – 114 науқас бар.
Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус 316 965 адамда анықталған, 3 638 адам көз жұмған.
Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 52 739 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 791 адам көз жұмды.
29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы 1 092 757 адам вакцина алды.