COVID-19: өткен тәулікте 22 адам қайтыс болды

2625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/b429d99a-feab-4ecc-b962-9efc169480d6.jpeg
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 17 адам, пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 29 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 526 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 709-і стационарда, ал 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. Оның ішінде, ауыр жағдайда - 760 науқас, өте ауыр ауыр жағдайда - 199 науқас, жасанды тыныс алдыру аппаратында – 114 науқас бар. Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус 316 965 адамда анықталған, 3 638 адам көз жұмған. Өткен жылдың 1 тамызынан ковид белгілері бар пневмонияның 52 739 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 791 адам көз жұмды. 29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы 1 092 757 адам вакцина алды.
评论
其他材料