«ШЫМКЕНТ – ЖАСЫЛ ҚАЛА» шарасы өтті

2701
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік көрсетуші – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды. 1000 түп ағаш Шымсити шағын ауданында егілді.

«Мейірім шуағы» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Молдабек: «Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді деген. Іс-шараның өтуіне ат салысып жатқан азаматтардың барлығы елім деген жанашырлар, қала белсенділері. Барлығымыз қаланың гүлденгенін қалаймыз» дейді.

Шаһар басшысы қала тіршілігіне бейқам қарамайтын белсенді тұрғындарға өз алғысын жеткізді. Бұдан бөлек, елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қордың атынан медицина мекемесіне ИВЛ аппараттары мен тұрғындарға дәрі-дәрмек, азық-түлік үлестірілгенін де атап өтті.

Жалпы, «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының мақсаты көпбалалы, жалғызбасты ана, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік және моральды көмек көрсету арқылы олардың қоғамның өзін-өзі қамтыған отбасылар қатарына қосылуына ықпал ету. Бүгінгі таңда балаларды реабилитациялық-түзету, дамыту жұмыстарымен айналысады. Онда қазір тірек-қимыл аппараты бұзылған 120-130 балаға қызмет көрсетіліп жатыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер