Атырау облысында анасы төрт айлық баласын пышақтап өлтірді. Ол нәрестеге бірнеше рет пышақ сұғып алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны 26 сәуірде баласын қатты жылағандықтан өлтіргенін мойындады. Ол ас үй пышағымен нәрестені бірнеше рет пышақтады, деп жазады газет.
«Аталған факт 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша («Дәрменсіз күйде екені белгілі адамды өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Адырна" ұлттық порталы
(фото ашық дереккөзден алынды)