Бүгінгі менің қозғағым келіп отырған тақырыбтың маңызына сіздердің көңілдеріңізді аударғым келіп отыр!
Балалардың көп қабатты үйдің терезесінен құлаудың алдын алу мәселесі!
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, соңғы 5 жылда балалардың көп қабатты үйдің терезесінен құлау салдарынан 140-тан астам бала қайтыс болған!
Тек осы жылдың 1-ші тоқсанында ғана 9 жағдай тіркелген, оның біреуі өліммен аяқталған!
Бұл мәселені біз “АЖАЛ” деп көз жұмып отыра алмаймыз, өйткені біз балаларға қауіпсіздік қамтамасыз етуіміз қажет!
Балалар - біздің болашағымыз! Біздің мемлекеттің болашағы сол балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінде!
Сондықтан да, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Сізден келесі шараларды қабылауыңызды сұраймын:
- құрылыс талаптарын сақтау бойынша бақылауды күшейту;
- Жаңа ғимараттар құрылыс кезінде ғана емес, сонымен қатар терезе өндіріс кезінде, ескі терезелерді ауыстыру бойынша тиісті талаптарын еңгізу;
- Терезе блоктарын орнатуды бақылау үшін авторлық қадағалау жүргізу;
- Құлыптарды орнатуға қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін, тіпті лицензиядан айыруға дейін заңды жауапкершілікті күшейту
- Әлеуметтік желіде және ғаламтор желісінде ақпараттық маліметті күшейту!
Осы жоғарыда айтылған талаптарды тез арада іске асыруын сұраймын!
Сырым Ертаев,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты