Сырым ЕРТАЕВ: Мемлекеттің болашағы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінде!

7321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/c3e1566b-1aab-406b-b777-b36f0c8f2ce1.jpeg
Бүгінгі менің қозғағым келіп отырған тақырыбтың маңызына сіздердің көңілдеріңізді аударғым келіп отыр! Балалардың көп қабатты үйдің терезесінен құлаудың алдын алу мәселесі! Қазақстан Республикасының ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, соңғы 5 жылда балалардың көп қабатты үйдің терезесінен құлау салдарынан 140-тан астам бала қайтыс болған! Тек осы жылдың 1-ші тоқсанында ғана 9 жағдай тіркелген, оның біреуі өліммен аяқталған! Бұл мәселені біз “АЖАЛ” деп көз жұмып отыра алмаймыз, өйткені біз балаларға қауіпсіздік қамтамасыз етуіміз қажет! Балалар - біздің болашағымыз! Біздің мемлекеттің болашағы сол балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінде! Сондықтан да, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Сізден келесі шараларды қабылауыңызды сұраймын: - құрылыс талаптарын сақтау бойынша бақылауды күшейту; - Жаңа ғимараттар құрылыс кезінде ғана емес, сонымен қатар терезе өндіріс кезінде, ескі терезелерді ауыстыру бойынша тиісті талаптарын еңгізу; - Терезе блоктарын орнатуды бақылау үшін авторлық қадағалау жүргізу; - Құлыптарды орнатуға қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін, тіпті лицензиядан айыруға дейін заңды жауапкершілікті күшейту - Әлеуметтік желіде және ғаламтор желісінде ақпараттық маліметті күшейту! Осы жоғарыда айтылған талаптарды тез арада іске асыруын сұраймын! https://youtu.be/3GnQi241Yi0

Сырым Ертаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Комментарии