Жүк тиегішті ұрлап әкеткен қыз жол апатын жасады

2503
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз ZL-30 маркалы фронтал тиегішті айдап кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Жүк тиегіштің жүргізушісі полицияға қоңырау шалып, ұрлық туралы хабарлаған. Ер адам белгісіз біреу автотұрақтан құрылыс компаниясына тиесілі ZL-30 тиегішін айдап кеткенін жеткізді.

Полицейлер түнде жүргізуші таныс қызын үйіне шақырғанын анықтады. Дастарқан басында ол ішімдік ішіп, мас болып қалған. Қонақ ер адамның ұйықтағанын күтіп, кілтті алып, жүк тиегішті айдап әкеткен.

Полиция бақылау камералары түсірген видеоны көрсетті. Қыз түнде қалада қатты жылдамдықпен жүріп, жолдарда қауіпті маневрлер жасаған.

Сонымен қатар ол Брусиловский көшесінде жол апатын жасап, Mercedes автокөлігіне зақым келтірген. Қыздың түнгі саяхатын патрульдік полицейлер тоқтатты.

Құқық қорғау органдары қыздың көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін куәлігі жоқ екенін атап өтті.

Ұсталған 25 жастағы қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ол арнайы техникамен қыдырғысы келгендіктен осындай қадамға барғанын айтты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер