Жесір әйелді балтамен ұрған: Полицейлер күдіктіге жақтасқан

2125
Adyrna.kz Telegram

Атырауда жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, өзі асылып өлген күдіктіге жақтасқан жеті полицей жұмыстан қуылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазіргі кезде қызметіне салғырт қараған сақшыларды өз әріптестері тергеп жатыр.

Алайда жәбірленушінің әпкесі қанды қылмыстың алдын алуға асықпаған полиция департаментін түгел тексеруді талап етіп, ішкі істер министріне шағымдануды көздеп отыр.

Учаскелік полицейге мән-жайды баяндадым деген жәбірленуші әпкесінің айтуынша, жағдай ушығып жатқан соң қайта хабарласқанда телефон тұтқасын көтерген полицей қатқыл дауыспен: "Қазір барады ғой, ұшамыз ба енді?!" деп жауап берген көрінеді.

"Олар дер кезінде келгенде, қан төгілмес еді. Тәртіп сақшылары сіңлімнің осыған дейін жазған арыз-шағымына да құлақ аспаған. Ішкі істер министрінен өтініп сұраймын, барлығын өз бақылауына алса деймін", – дейді жәбірленушінің әпкесі Алиса Сатанова.

Дәрігерлер басына балта тиген келіншектің қазіргі жағдайы жақсы екенін айтуда. Күрделі ота жасауды қажет етпейді. Ал анасын балталап жатқанын көзімен көрген бүлдіршіндер әлі де психологтардың бақылауында.

Пікірлер