Елордада Уәлиханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

3322
Adyrna.kz Telegram

Елордада Шоқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүруіне байланысты уақытша жабылады, деп ххабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Шоқан Уәлиханов көшесі Жәнібек Тархан көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүруіне байланысты 2021 жылдың 25 сәуірі сағат 06.00-ге дейін жабылады", - делінген хабарламада.

Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдастырылады. Аталған көше арқылы транзиттік көліктің өтуі жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін толығымен жабылады. Ал жақын маңдағы тұрғындардың тұрғылықты жеріне жетуі үшін балама маршруттар қарастырылған.

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін ескере отырып, бағытын жүзеге асыруды сұрайды", - делінген елорда ПД хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер