Елордалық университетте «Readability of Law» жобасы басталды. Аталған жоба аясында университет профессорлары ҚР күшіндегі заңдардың түсінікті және оқуға ыңғайлылығы бойынша проблемаларды зерттейді. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев халықаралық конференция барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы M.S.Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзбекстанда заң ғылымын дамыту және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» тықырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы заң ғылымын дамыту үшін практикалық шараларды қабылдау, заң шығаруды жетілдіру және парламенттің тікелей әрекет етуші заңдарды қабылдауда әдістемелік негіздерін күшейту мақсатында өткізілді.
«Университетімізде профессорлар ҚР қолданыстағы заңдардың қабылдау және оқуға жеңілдігі мәселесін қарастыратын «Readability of Law» жобасын бастады. Біздің болжам бойынша, билік кейде терминологияны әдейі қиындатады және заң ережелерін әлдеқайда қарапайым, түсінікті және ашық етіп жеткізуге болатын тұстарында заңды конструкцияларды шамадан тыс қолданады», - деді Талғат Нәрікбаев.
Сондай-ақ спикер ҚР-ның Әділет министрлігі заң жобаларын әзірлеу барысында Ұлыбритания тәжірибесіне сүйене отырып, «Жасыл» және «Ақ» кітап механизмдерін енгізуді, яғни заң шығару қызметінде заңды мәтіндердің түсінікті жазылуынан бастап проблемаларды талқылауға дейінгі форманың өзгеруін, бұл процеске қоғам мен сарапшылардың көбірек қатысуын қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын атап өтті.