Зимбабве жойылу алдында тұрған 500 африкалық пілді атуға лицензия сататын болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Бұл туралы Business Day басылымына жазған еді.
Зимбабвенің Саябақтар мен жабайы табиғат басқармасының өкілі Тинаше Фараво коронавирус пандемиясына байланысты туристік табыстың төмендеуі осы қадамға барудың бір себебі болғанын айтты.
"Біздің қызметімізге бюджет шамамен 25 миллион доллар, ол ішінара спорттық аңшылықтан түскен ақша, бірақ қазір коронавирус пандемиясына байланысты туризм тоқтап тұрғанын білесіздер", - деді Фараво.
Ел билігі мұндай мәлімдемені африкалық орман пілі жойылып кету қаупі бар жануарлардың қатарына кірген соң бірнеше аптадан кейін жасады.
Табиғи ресурстарды басқару орталығының Зимбабвенің қоршаған ортаны қорғау және адам құқықтары жөніндегі тобының баспасөз хатшысы Симисо Млеву бұл шешімді қолдамады.
"Біз жабайы жануарларды қоздыратын және адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығыстарды күшейтетін олжалы аңшылыққа наразымыз", - деді ол.
Оның пікірінше, ел бюджетіне кірісті ұлғайту үшін инновациялық және экологиялық қауіпсіз шаралар қажет.
Зимбабве - пілдерді ақылы ұстау рұқсат етілген аймақтағы жалғыз ел емес. Мысалы желтоқсанда Намибия қорықтардағы жануарлардың көп болуына және елдегі құрғақшылық салдарынан 170 жабайы пілді сатылымға шығарған болатын.
Африка пілі - жер бетіндегі ең ірі жер жануары.
"Адырна" ұлттық порталы