Тоқаев мәлімдемесі: отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастады

2242
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастағанын хабарлады.

«Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!», - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ескеретін жайт, бұған дейін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлаған еді. QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер